Семинарды International Business Academy ресми платформасында онлайн форматта өткізуге болады. Оқу аяқталған соң сізге бір ай бойы қолжетімді болатын жазбаның сілтемесі беріледі.
*күндер қосымша келісуді қажет етеді
ҚҚС-сыз
* Төлем шотына 16% ҚҚС қосылады
Бұл семинар өз бағыты аясында тәуекелдерді басқару жұмысын жүргізу мақсатында тәуекел-менеджмент бойынша базалық білім алуы қажет қызметкерлердің кең ауқымына, сондай-ақ тәуекел-менеджменттің негіздері бойынша білім алуы қажет тәуекелдер саласындағы бастаушы қызметкерлерге арналған.
«Тәуекелдерді басқару» семинары — халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес тәуекелдерді басқарудың негізгі тәсілін тәуекелдердің барлық санаттарын және тәуекелдерді басқару, құжаттар мен есептілікті қалыптастыру бойынша қадамдық іс-әрекеттерді егжей-тегжейлі зерделей отырып ашатын базалық семинар.
Тәуекел-менеджменттің даму эволюциясы. Дағдарыс жағдайында тәуекел-менеджменттің қажеттілігі. Қазақстанда тәуекел-менеджменттің дамуы
Австралиялық ISO 31000 стандарты, Тредуэй комиссиясының демеушілік ұйымдары комитетінің стандарттары COSO 2004-2012. Тәуекелдерді басқару бойынша халықаралық стандарттардың негіздері
Тәуекелдерді басқару кезеңдері: тәуекелдерді сәйкестендіру, тәуекелдерді бағалау және талдау, тәуекелдерді басқару, тәуекелдерді бақылау және мониторингтеу. Тәуекелдерді басқару жұмысын кезең-кезеңімен жүргізу туралы жалпы түсінік
Компанияның ұйымдастырушылық құрылымына сәйкес тәуекелдерді әртүрлі санаттарға жіктеу тәртібі. Тәуекелдердің мына немесе басқа санатын белгілеу бойынша практикалық мысалдар
Тәуекелдерді сәйкестендірудің әртүрлі әдістерін (ми шабуылы, сұхбаттасу әдісі, сауалнама парағы әдісі және т.б.) қолдану арқылы тәуекелдерді сәйкестендіру тәртібі. Тәуекелдердің ықтимал себептерін (факторларын) және тәуекелдің қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға тигізетін теріс әсерін талдау. Тәуекелдерге себеп-салдарлық талдау жүргізу және тәуекелдерді жоғарғы және төменгі деңгей тәуекелдеріне декомпозициялау
Тәуекелдерді 2 сипаттама бойынша бағалау тәртібі: тәуекелдің туындау ықтималдығын бағалау және тәуекелдің әсерін бағалау. Сапалық бағалауды жүргізу тәртібі, тәуекелдерге басымдық беру және тәуекелдерді талдаудың әртүрлі математикалық және статистикалық әдістерін қолдану арқылы сандық бағалауды жүргізу тәртібі. Мысалдар келтіру
2 күнТәуекелдерді басқару әдістерінің бірін қолдану арқылы тәуекелдерді бағалау нәтижелері негізінде тәуекелдерді төмендету бойынша алдын алу іс-шараларын әзірлеу тәртібі. Тәуекелдерді басқару әдістері (төмендету, беру, бас тарту, қабылдау) және оларды қолданудың практикалық мысалдары
Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспарын қалыптастыру тәртібі. Іс-шаралар жоспарының тиімділігін талдау
Тәуекелдер тізілімі мен тәуекелдер картасының үлгілерін қарастыру. Тәуекелдер тізілімін толтыру тәртібі. Мысалдар келтіру
Есепті кезең үшін тәуекелдерді бақылау және мониторингтеу тәртібі, жаңа тәуекелдерді сәйкестендіру, іске асырылған тәуекелдерді анықтау, тәуекел бағалауларын қайта қарау, тәуекелдерді төмендету бойынша іс-шараларды қайта қарау. Іске асырылған тәуекелдерді талдау, іске асырылған тәуекелдердің салдарын төмендету бойынша қабылданған қадамдар, іске асырылған тәуекелдердің салдарын талдау
Тәуекелдер бойынша есептілік үлгілерін қарастыру және оларды толтыру. Есептілікті қалыптастыру мерзімдері мен жауапкершілігі. Тәуекелдер бойынша есептілікті қалыптастыру тәртібі және басшылыққа тәуекелдер бойынша қажетті ақпаратты беру. Мысалдар келтіру
Тренинг қатысушыларының сұрақтарын қарастыру, талқылау және оларға практикалық жауаптар беру