Семинарды International Business Academy ресми платформасында онлайн форматта өткізуге болады. Оқу аяқталған соң сізге бір ай бойы қолжетімді болатын жазбаның сілтемесі беріледі.
*күндер қосымша келісуді қажет етеді
ҚҚС-сыз
* Төлем шотына 16% ҚҚС қосылады
Семинар екі тілде өткізіледі: мемлекеттік және орыс тілдерінде.
Бұл курс ҚР-да тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктерін қарастырады. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеудің ерекшелігін, Кеден одағы елдерімен экспорт пен импорттың ерекшелігін зерттейді. Кедендік құнды анықтау әдістерін, тауарлық номенклатураға сәйкес тауарларды жіктеуді және бірыңғай кеден тарифін қалыптастыруды қарастырады. Кедендік ресімдеуді қолдануды, кедендік рәсімдерді таңдауды, кедендік төлемдерді есептеуді және т.б. меңгеруге көмектеседі.
«ҚР-да тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері» курсы бастаушы менеджерлерге және логистика бөлімінің қызметкерлеріне, жабдықтау бөлімінің мамандарына және сатып алу, сату менеджерлеріне, тасымалдау мамандарына, қойма қызметкерлеріне, сондай-ақ кедендік декларациялау туралы жалпы түсінік алғысы келетін барлық адамдарға арналған.
№1 блок
№2 блок
№3 блок
№4 блок