Семинарды International Business Academy ресми платформасында онлайн форматта өткізуге болады. Оқу аяқталған соң сізге бір ай бойы қолжетімді болатын жазбаның сілтемесі беріледі.
*күндер қосымша келісуді қажет етеді
ҚҚС-сыз
* Төлем шотына 16% ҚҚС қосылады
Бұл курстан өту тыңдаушылардың ҚР жаңа Экологиялық кодексінде көзделген мұнай-газ саласындағы қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар туралы білімін кеңейтеді.
Кімге арналған
Жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін қызметті жүзеге асыруына байланысты туындайтын мәселелер бойынша эколог-мамандарға және мұнай-газ саласы компанияларының басқа да қызметкерлеріне арналған.
1. Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар
1.1. Мұнай-газ саласында түзілетін қалдықтардың түрлері және олардың классификациясы (ҚР 09.01.2007 ж. Экологиялық кодексімен салыстырғанда)
1.2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 6 тамыздағы № 314 бұйрығымен бекітілген қалдықтар классификаторы: жалпы сипаттамасы, алдыңғы қалдықтар классификаторынан айырмашылықтары
1.3. Қалдықтардың иелері, меншік иелері, түзушілері: ұғымдардың арақатынасы, құқықтары мен міндеттері
1.4. Қалдықтарды нормалау (қалдықтарды жинақтау және көму лимиттері), қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияға енгізілетін қауіпті және қауіпті емес қалдықтар көлемдері. Қалдықтарды басқару бағдарламасы. Қалдықтарды басқару шарттарын экологиялық рұқсаттарға енгізу
1.5. Қалдықтарды басқару сатыларында қойылатын экологиялық талаптар (қауіпті және қауіпті емес қалдықтарға қойылатын талаптардың айырмашылықтарын қоса алғанда):
1.5.1. қалдықтарды жинау кезінде;
1.5.2. қалдықтарды жинақтау кезінде;
1.5.3. қалдықтарды тасымалдау кезінде;
1.5.4. қалдықтарды қалпына келтіру кезінде;
1.5.5. қалдықтарды жою кезінде.
2. Мұнай-газ секторында түзілетін қалдықтарды көмгені үшін төлемақы:
2.1. Төлемақы ставкалары
2.2. Төлемақы төлеушілер
2.3. Қоршаған ортаға қалдықтарды орналастыру үшін төлемақыға байланысты сот даулары
3. Қалдықтарды басқару саласындағы жауапкершілік:
3.1. Әкімшілік жауапкершілік
3.2. Қылмыстық жауапкершілік
3.3. Экологиялық зиянды өтеу
4. Сұрақ-жауап (семинар барысында)