Семинарды International Business Academy ресми платформасында онлайн форматта өткізуге болады. Оқу аяқталған соң сізге бір ай бойы қолжетімді болатын жазбаның сілтемесі беріледі.
*күндер қосымша келісуді қажет етеді
ҚҚС-сыз
* Төлем шотына 16% ҚҚС қосылады
Кез келген компанияның алдында ерте ме, кеш пе, компания жұмыс істейтін процестер мен процедураларды сипаттауға, сондай-ақ оларды оңтайландыру жолдарын іздестіруге байланысты мәселелер туындайды. Бұл ретте қандай процестерді сипаттау керек, процестерді сипаттаудың мақсаты қандай, процестерді қандай нотацияларда, қандай деңгейге дейін сипаттау керек, мұның бәрін кім жасауы тиіс және нәтижесінде не алыну керек деген көптеген сұрақтар туындайды.
Семинар процестік басқаруды енгізуге байланысты мәселелерді қарастыруға арналған. Тыңдаушылар процестерді әртүрлі нотацияларда сипаттаудың (модельдеудің) түрлі құралдарын практикада қолданады. Процестерді оңтайландыру мен қайта құрудың әртүрлі тәсілдерін практикалық қолдануға ерекше назар аударылады.
Оқыту нәтижесінде қатысушы: