Семинарды International Business Academy ресми платформасында онлайн форматта өткізуге болады. Оқу аяқталған соң сізге бір ай бойы қолжетімді болатын жазбаның сілтемесі беріледі.
*күндер қосымша келісуді қажет етеді
ҚҚС-сыз
* Төлем шотына 16% ҚҚС қосылады
Басқарушылық шешімдердің қаржылық мазмұнын түсіну үшін экономист дипломы міндетті емес. Осы курс аясында тыңдаушы практикалық қолдану және қаржылық сауатты сыни ойлау үшін қажеттінің бәрін интерактивті форматта алады.
Біз қаржылық есепте қолданылатын негізгі ұғымдарды қарастырамыз. Компанияның жұмыс тиімділігін бағалау, сондай-ақ қосымша қаржылық тәуекелдердің туындауын болдырмау үшін есеп деректерін пайдалану дағдыларын мысалдар арқылы пысықтаймыз.
Бағдарлама тапсырыс берушінің қажеттіліктеріне — салалық ерекшелігі мен компанияның өз есептілігі ескеріле отырып — бейімделуі мүмкін.
Практикум: есептілік баптары, шаруашылық операцияларын талдау
Практикум: баланс құрылымын талдау, баланстардағы салалық айырмашылықтарды талдау
Практикум: компанияның ПЗЕ-ін талдау
Практикум: компанияның АҚҚЕ-ін талдау
2-күнПрактикум: компанияны кешенді талдау
Практикум: есептілік бойынша компанияның операциялық циклін есептеу
Практикум: компанияның операциялық талдауы
Практикум: маржиналды талдауды қолдана отырып, өндірістің балама нұсқалары арасында таңдау жасау
Басқарушылық шешімдердің компанияның қаржылық жағдайына әсері
Нұсқаулық:
(1) Қатысушылар (топтарда) үш түрлі басқарушылық шешімдері бар «билет» таңдайды
(2) Басқарушылық шешімдердің компанияның қаржылық есептілігінің әртүрлі баптарына, компания қызметінің көрсеткіштеріне, бизнес тәуекелдеріне және, нәтижесінде, компания құнына (нарықтық және балама) әсерін талқылайды
Талқылау нәтижелерін Кестеде рәсімдейді (тренингте таратылады, бапқа әсердің бар-жоғы, таңбасы (+ немесе −) және уақыты («бірден» және «бір жылдан кейін») туралы ақпаратты қамтиды)
(4) Қорытындыларын қысқаша таныстырады
Тапсырма 2 турда орындалады, турлар арасында қатысушылар жаттықтырушыдан кері байланыс алады (топқа барлығы 2 билеттен)