Титаренко Елена

Елена
Титаренко

Мұнай-газ саласындағы, мұнай-газ және тау-кен өндіру өнеркәсібінде инжинирингтік қызметтерді жеткізуден BEPD, Pre-FEED, FEED, EPC орындауға дейінгі маман

Кәсіби қызығушылық саласы

— Мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі — 10 жылдан астам

— Халықаралық жобалардағы жұмыс тәжірибесі — 3 жылдан астам

— Басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі — 5 жылдан астам (қызметкер саны 20-дан астам — 3 жыл)

— Мұнай-газ және тау-кен өндіру өнеркәсібінде инжинирингтік қызметтерді жеткізуші ретінде сатып алудан бастап BEPD, Pre-FEED, FEED, EPC орындауға дейінгі жұмыс тәжірибесі

Практикалық қызмет

Baker Hughes компаниясымен бірлесіп «ҚазТрансГаз» АҚ үшін жоба жетекшісі:

  • «Қарағанды бассейнінің Шерубайнұра көмір қабаттары ауданындағы (CBM) көмір метанын өндіру мен коммерцияландырудың перспективалылығын бағалау» техникалық-экономикалық есебін (ТЭЕ) әзірлеу

«Каспий Құбыр Консорциумы — Қазақстан» АҚ (әртүрлі лауазымдарда):

  • EPC, Каспий Құбыр Консорциумы жобасының қазақстандық бөлігін кеңейту (КҚК мұнай құбыры жүйесі, төрт жаңа сорғы станциясы). Халықаралық жоба

КҚК мұнай құбыры жүйесі Теңізден Қара теңізге дейінгі толық біртұтас құбыр жүйесі болып табылады. Жалпы ұзындығы — 1 500 км, оның ішінде қазақстандық бөлігі — 452 км

«Азиатский газопровод» ЖШС (әртүрлі лауазымдарда):

  • EPC, Қазақстан — Қытай магистральдық газ құбырын кеңейту (С желісі). Халықаралық жоба. Түрікменстандағы Галканыш кен орнынан Қытайға дейінгі магистральдық газ құбыры. Газ құбырының трассасы Қазақстан аумағы арқылы өтеді, жалпы ұзындығы — 1300 км-ден асады

Білім

  • М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университеті, Экономика факультеті, Executive MBA
  • Қ. Сәтбаев атындағы Қазақстан Ұлттық Техникалық Университеті, Құрылыс (мұнай- және газ құбырлары мен мұнай- газ қоймалары), Бакалавр

Қосымша білім

2020−2021 — сатып алу қағидаларын жаңарту аясындағы сатып алу процесіне оқыту курсы (тендерлік платформалар goszakup.kz, zakup.sk.kz, Nadloc)

2017 — CERT Academy for Central Asia, СМЖ менеджері/ ішкі аудитор оқу курсы (ISO 9001:2015)

2017 — Қазақ азаматтық құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты, жоғары сейсмикалық қауіп аймақтарында жобалық қызметті жүзеге асыру бойынша оқу курсы

2017 — Мамандандырылған өнеркәсіптік қауіпсіздік орталығы, «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік» оқу курсы

2016 — KAZGOR жобалау академиясы, «Инженерлік желілер мен құрылыстар (мұнай және газ) бойынша жетекші жобалаушы инженер» мамандығы бойынша 01.07.2016 ж. берілген BA-00001 № 0057 біліктілік аттестаты