Кәсіби қызығушылық саласы
Кәсіби қызығушылық саласы
Практикалық қызмет
Білім
1990 — 1995 — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, («құқықтану» мамандандыруы, біліктілігі юрист (үздік дипломмен)
Біліктілігі
2002 жылғы 21 қазан — «Қазақстан Республикасындағы коммерциялық құпия институтының азаматтық-құқықтық мәселелері» тақырыбында 12.00.03 — азаматтық құқық; кәсіпкерлік құқық; отбасы құқығы; халықаралық жеке құқық; азаматтық іс жүргізу; төрелік іс жүргізу мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғау. Ғылыми жетекшісі — ҚР ҰҒА академигі, профессор М. Қ. Сүлейменов
Ғылыми дәрежесі
Заң ғылымдарының кандидаты
Ғылыми атағы
Семинарлар мен тренингтер өткізу тәжірибесі
Тәжірибесі бар нотариустарға арналған «Нотариаттық практикада азаматтық заңнаманы қолдану практикасы», «Нотариаттық практикадағы мәмілелер: ресімдеу және мәмілелерді жарамсыз деп тану мәселелері», «Шарттық құқық. Қолдану практикасы» және басқа да тақырыптарда, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Алматы облыстық Нотариаттық палатасы бірлесіп ұйымдастырған семинарлар мен тренингтерді тұрақты өткіземін
Судьяларға, сот мамандарына, прокуратура қызметкерлеріне арналған «ҚР азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасын қолданудың өзекті мәселелері», «Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу заңнамасы нормаларының реформалары», «Зияткерлік меншік туралы заңнама: сот практикасы және өзекті құқықтық мәселелер» тақырыптарындағы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Алматы қаласының соттары мен прокуратурасымен бірлесіп ұйымдастырған семинарлар
«Алматы тұрғын үй» ЖШС қызметкерлеріне арналған, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қазақстанның инновациялық дамуын құқықтық қолдау» ҒЗО біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша тұрғын үй заңнамасын қолданудың өзекті мәселелеріне арналған семинарлар
Жоғары оқу орындарының азаматтық-құқықтық пәндер оқытушыларына арналған, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Біліктілікті арттыру институтының «Азаматтық құқық» «Зияткерлік меншік құқығы» бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыруға арналған онлайн семинарлар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ЖДМ ұйымдастырған «Медициналық қызмет көрсету саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау» тақырыбындағы семинарлар мен тренингтер
Компания басшыларына, кәсіпорындардың заң бөлімдерінің (қызметтерінің, департаменттерінің) басшылары мен мамандарына, азаматтық практика заңгерлеріне арналған «Шарттарды жасасу, өзгерту, бұзу: заңнама және практика», «Ұйымдардағы шарттық жұмыстың ерекшеліктері», «Корпоративтік құқық», «Талап-арыз және кінәрат жұмысы» тақырыптарындағы семинар-тренингтер
«Тауар белгісі мен фирмалық атауға құқықты ресімдеу және қорғау ерекшеліктері», «Зияткерлік меншік объектілерін пайдалану саласындағы шарттық қатынастар», «Авторлық шартты заңнамалық реттеу», «Лицензиялық шарттарды жасасу ерекшеліктері», «Коммерциялық құпияны қорғаудың құқықтық мәселелері», «Авторлық шарттарды жасау, жасасу және бұзу» тақырыптарындағы семинарлар
Кәсіби бухгалтерлер ЖШС үшін азаматтық құқық бойынша семинар-тренингтер
Гранттар мен жобаларға қатысу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша «Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және компьютерлік қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы қылмыстық саясаты», «Заңсыз көші-қонның қылмыстық салдарын болдырмаудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық шаралары» жобаларының ғылыми қызметкері — 2014-2017 жж.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының сарапшысы, 2013 ж.
ҚР БҒМ гранттық ғылыми жобалары бойынша ғылыми сарапшы, 2011 ж.
ҚР ҰҚК тергеу қызметінің қылмыстық іс аясындағы азаматтық-құқықтық мәселелер бойынша ғылыми сарапшысы, 2010 ж.
Алматыдағы ЕҚЫҰ орталығының, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның (ДИАҚБ) қолдауымен Еуропалық Одақтың «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот академиясының институционалдық дамуы» Bistro бағдарламасы бойынша «Оқытушыларды оқыту: интерактивті әдістер» сертификатының иегері
USAID/IRIS жобасы бойынша «Орталық Азиядағы сот жүйелерінің дамуына жәрдемдесу» бағдарламасының сертификатының иегері. Мэриленд штаты Университетінің IRIS орталығы (АҚШ)
Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері (2004-2006 жж.)
Жарияланымдар